Доллар бағамы күрт өсті: KASE сауда-саттықты уақытша тоқтатты
Сурет: Zakon.kz
Елордадағы көптеген ақша айырбастау пункттері доллар сатуды тоқтатты. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында доллар 452 теңгеден, Алматыда сағат 11.00-де 459 теңгеден сатылып жатыр. Осыған байланысты KASE сауда-саттықты уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz
«Қазақстан қор биржасы (KASE) техникалық себептерге байланысты KASE қор нарығындағы сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12.00-де ашылатынын хабарлайды. KASE келтірілген қолайсыздықтар үшін нарық қатысушыларынан кешірім сұрайды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Доллардың қымбаттауына байланысты көптеген ақша айырбастау пункттері доллар сатуды уақытша тоқтатты. Kurs.kz хабарлағандай, елорданың ақша айырбастау пункттері тек шетел валютасын сатып алады, доллар мен еуро сату тоқтады.
23 ақпанда 11:20-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,23 теңгеге көтеріліп, 437,35 теңге болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript