14 мамырдағы сауда-саттықта доллар бағамы күрт өсті
Фото: freepik
Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 474,04 теңгені құрап, бірден 6,18 теңгеге өсті.
Ресей рублінің бағамы 6,46 теңгеге жетіп, 0,06 теңгеге көтерілді.
Ал юаньның орташа сараланған бағамы 69,84 теңге болып, 1,16 теңгеге өсті.
Айырбастау пункттерінде доллар 473–475,5 теңге, еуро 553–559 теңге, ал рубль 6,25–6,39 теңге аралығында саудалануда.
Сонымен қатар, 14 мамырда әлемдік мұнай бағасы да біршама өсті.
ICE Futures электронды сауда алаңында Brent маркалы мұнайдың шілде айына арналған фьючерстері 0,48 пайызға қымбаттап, бір баррелі 106,14 долларды құрады.
Ал NYMEX алаңында WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 0,14 пайызға өсіп, бір баррелі 101,16 долларға жетті.
Еске салайық, таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 467,63 теңге, еуроны 547,69 теңге, ал рубльді 6,36 теңге деңгейінде белгілеген еді.