Атырау облысында жұмыртқаның шектеп сатылуына қатысты түсінік берілді

Түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2022 22:20 Сурет: primeminister.kz
Өңірлік коммуникациялар қызметі Атырау облысында жұмыртқаға айлық қажеттілік 7,9 млн дананы құрайтынын жеткізді. Ал өңірде жұмыртқа өндіретін 2 ірі кәсіпорын бұл сұранысты толықтай жаба алмайтын болып шықты, деп хабарлайдыZakon.kz.
Өңірде жұмыртқа өнімдерін өндіру бойынша 2 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Олар - "Алмалы құс" және "Бақай Құс" ЖШС. Екеуінің өндіріс қуаттылығы 1 айда 2 млн дананы құрайды. Демек, 2 кәсіпорын облыс қажеттілігінің тек 30%-ын қамтамасыз етеді. Өңірдің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін Қостанай, Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарынан жұмыртқа өнімдерін тасымалдау жүзеге асырылады, - дейді Атырау облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков.

Бірінші санаттағы жұмыртқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіретіні атап өтіледі.

Бүгінгі таңда жұмыртқа өнімдері "айналым схемасы" арқылы 38 сауда саттық нүктесінде, құны 35,6 теңгеден Идеал-маркет арқылы сатылады. Алыпсатарлық әрекеттер мен жұмыртқа тапшылығының алдын алу мақсатында Идеал-маркетке бір қолға 10 жұмыртқадан аспайтын шектеу белгіленді. Басқа сауда орындарында мұндай шектеу жоқ. Нұрбол Жаңабеков
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: