Николя Бланше ресейліктер ағыны баға саясатына әсер еткенін айтты
Сурет: Zakon.kz
Ұлттық банкте өткен брифингте ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланше ресейліктердің Қазақстанға көшуі теңге мен рубль бағамына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Николя Бланше ресейліктердің Қазақстанға қоныс аударуы теңге мен Ресей рублінің бағамына әсер ететінін айтты.
Әрине, Ресейден Қазақстанға келгендердің ықпалы бар – бұл айырбасқа, тұрғын үйді жалға алуға және басқа да факторларға әсер етеді. Әлі толық көріп отырған жоқпыз. Бұл жағдай жақында болғандықтан, деректерді көрген жоқпыз. Жағдайдың қалай өрбитінін көреміз.ХВҚ-ның Қазақстандағы миссиясының басшысы Николя Бланше
Сонымен қатар, оның айтуынша, теңгенің ресей рубліне қатысты бағамы нығаюы керек. Бірақ әзірге сарапшы Ресей рублінің долларға шаққандағы нығаюын ғана көріп отыр.
Бұл – Қазақстандағы теңгеге қатысты жағдайды анықтайтын негізгі фактор. Белгілі бір дәрежеде инфляцияға әсер етеді.Николя Бланше
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript