ОПЕК+ шеңберіндегі ҚР квотасы қарашада тәулігіне 1,628 млн баррельді құрайды
Отырыс барысында тамыз айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.
Келісімді 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.
Қатысушы елдер мұнай өндіруді осы жылдың қараша айынан бастап 2022 жылдың тамыз айының деңгейінен тәулігіне 2 млн баррельге қысқартуға келісті.
Сондай-ақ ОПЕК+ елдерінің 19-шы кеңесінде мақұлданған базалық деңгей бекітілді.
Мониторинг комитетінің отырысын әр екі ай сайын, министрлік кездесулерді әр 6 ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды. Артық өндірісті өтеу мерзімі 2023 жылдың 31 наурызына дейін ұзартылды.
Қазақстан үшін қарашаға арналған міндеттемелер тәулігіне 1,628 млн баррельді құрайды.
Елдер Келісім шеңберінде елдердің міндеттемелерді сақтауының маңыздылығы туралы тағы да келісті.