26 қазандағы түскі саудада доллар арзандады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,31 теңгеге төмендеп, 471,36 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,64 теңгені (-0,21) құрады.
Ресей рублімен сауда-саттық жүргізілмеді. Рубль бағамын Ұлттық банк 7,8 теңге деп белгіледі.
Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 466,31 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 470-474 теңге, еуро 470-476 теңге, ресей рублі 7,1-7,4 теңге аралығында сатылуда.
Ал, 26 қазандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.
Осылайша, Brent маркалы мұнайдың желтоқсандық фьючерстерінің құны 1,1%-ға арзандап, барреліне 92,49 долларды құрады.
Желтоқсан айында жеткізілетін West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бағасы барреліне 0,9%-ға арзандап, 84,57 долларды құрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript