Қазан айында Қазақстанның қай өңірінде инфляция жоғары болды

Инфляция, Қазақстандағы инфляция, азық-түлік бағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2022 13:32 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазан айында өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Шымкентте байқалды – 2,3%, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал ең төмен ифляция Қостанай және Ұлытау облыстарында тіркелді – әрқайсысында 0,8%-дан.

Азық-түлік тауарлары бір айдың ішінде Шымкент қаласында ең көп қымбаттады – 3%-ға, республикалық деңгейден төмен мән Атырау облысында –0,8%.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың қымбаттауы бойынша қазан айында Астана көш бастады –2,6%. Ал ақылы қызметтер бойынша ең жоғары өсім Алматы облысында – 2,9%.

Тауарлардың жекелеген түрлері бойынша қарайтын болсақ, нан-тоқаш өнімдері мен жармалардың ең жоғары қымбаттауы Шымкентте – 3,9%-ға, ет және ет өнімдері бойынша бағаның жоғары өсімі тағы Шымкентте тіркелді – 3,4%, майлар бағасы Ұлытау облысында ең көп өсім көрсеткен – 3,5%. Жемістер мен көкөністер өңірлер арасында Жетісу облысында ең көп арзандаған – 3,2%

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: