Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда ветеринарлық дәрігерлердің мәртебесін арттыру көзделіп отыр

Ветеринария, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 19:15 Сурет: pixabay
13 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде сарапшылар Қазақстанның ветеринария саласын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы ветеринариялық қызметті реформалауға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған жоспарланған заңнамалық өзгерістер туралы айтты.

Атап айтқанда, Асқар Жақыпбаев парламентарийлер орталық пен өңірлер арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ажырату, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардан өзіне тән емес функцияларын алып тастау, кадр даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ ветеринарлардың мәртебесі мен жалақысын арттыруды көздейтін заң жобасына бастамашылық еткенін еске салды.

Сонымен қатар, саланы цифрландыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін биркаларды сатып алу функцияларын жергілікті атқарушы органдарға беру көзделіп отыр. Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі жануарлар үшін биркалар тегін беріледі, ал ұйымдасқан шаруашылықтар сәйкестендіруді өз қаражаты есебінен жүзеге асыратын болады.

Биыл жануарлардың иелеріне малды уақтылы сәйкестендіруге, ветеринариялық паспорт беру бойынша мемлекеттік қызметтерді алуға, союға, сатуға жіберуге және жануарлар мен иелердің мәліметтеріндегі қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретін Vetmobile мобильді қосымшасын әзірлеу жұмысы аяқталады.

"Өткен жылдан бастап VetLab модулі жұмыс істейді, 2022 жылдың қорытындысы бойынша онда 21,4 млн зертханалық зерттеулер жүргізілді. Бұған қоса жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын есепке алу, онда жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларға және жануарларды зерттеу деректерін беру процесін автоматтандыруға арналған RPO модулі іске қосылды". Асқар Жақыпбаев

Сондай-ақ, комитет басшысы ветеринариялық препараттарды сатып алуды болдырмау және отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасауға мүмкіндік беру жоспарлары туралы айтты.

Асқар Жақыпбаевтың айтуынша, бұл қажетті уақытта өзекті штаммдары бар диагностикумдар мен вакциналардың қажетті көлемде болуына мүмкіндік береді, өйткені әлемде және шекаралас елдерде эпизоотиялық жағдай үнемі өзгеріп отырады.

Сонымен бірге ветеринариялық кадрлардың тапшылығын толтыру және оларды даярлау мәселесі пысықталып жатыр. Аграрлық жоғары оқу орындары жұмыс берушілер мен халықаралық мамандардың пікірлерін ескере отырып, ветеринария бойынша барлық білім беру бағдарламаларын жаңартты.

"Ветеринариялық мамандықтар бойынша ауылдық квота 35%-ға дейін ұлғайтылды, гранттар саны 925-ке дейін өсті. Сондай-ақ ҰЭМ-ге "Дипломмен ауылға" жобасы шеңберінде бюджеттік кредит мөлшерін ұлғайту бойынша ұсыныстар жіберілді". Асқар Жақыпбаев

ЖАО ақпараты бойынша, 2021 жылмен салыстырғанда ветеринариялық мамандардың жалақысы Үкімет резервінен 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлудің арқасында республика бойынша орташа есеппен 50%-ға өсті.

"Сонымен қатар, 1 және 2 топтағы патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істейтін ветеринарларға жалақыға 35% және 50% қосымша ақы төленеді және кемінде екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы беріледі. Бұл мақсаттарға бюджетті нақтылау кезінде 9,2 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар, заң жобасы шеңберінде ветеринарлық дәрігердің мәртебесі мен нормативтік жүктемесін айқындау, жалақы, қосымша ақылар, үстемеақылар және әлеуметтік қолдау шараларын одан әрі ұлғайту көзделіп отыр".Асқар Жақыпбаев


Комитет басшысының айтуынша, бұл шаралардың барлығы ветеринария мамандығының тартымдылығын арттырады, мамандарды өзіне тән емес функциялардан және қағазбастылықтан арылтады, сондай-ақ ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: