Жаңалықтар тізбегі
0

"Лукойл Қазақстан Апстрим" мен "ҚазМұнайГаз" мұнай барлау жобасын жабатын болды

Жеңіс барлау жобасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2023 20:37 Сурет: gov.kz
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (ҚМГ) және "Лукойл Қазақстан Апстрим" ЖШС Каспий теңізіндегі бірлескен "Жеңіс" геологиялық мұнай барлау жобасын жабатын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМГ баспасөз қызметінің хабарлауынша, геологиялық барлау саласында нәтижені дөп басып айту қиын. Бұрғылау қорытындысы бойынша көмірсутек қорын болжанған көрсеткіштен төмен болуы ықтимал, кейде тіпті ұңғыма бос болып шығуы мүмкін. Әлемдік статистикаға сәйкес, болжам деңгейі 20-30%-ды құраса, табысқа жету әбден мүмкін, бұл тәуекелге барып, инвестиция тартуға негіз бола алады.

"Жеңіс" - геологиялық барлау бағытындағы оффшорлық мұнай-газ жобасы. Операторы – "Жеңіс Оперейтинг" ЖШС және "Лукойл Қазақстан Апстрим" ЖШС, бұл компаниялардың жобаға қатысу үлесі 50/50.

"Жобаға кіріспес бұрын оның нәтижелі болуы 20% деңгейінде бағаланды. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және учаскенің өнімді болуын нақтылау үшін кэрри-қаржыландыру тетігі бойынша Серіктестің ("Лукойл" компаниясының) инвестициясы тартылды", деп жазады компанияның баспасөз қызметі.

Кэрри-қаржыландыру дегеніміз геологиялық барлау кезеңінде жобаға қатысушы Серіктес инвестицияның 100%-ын салып, алдағы уақытта өндіру есебінен бұл шығынын қайтарады. Ал геологиялық барлау кезеңі сәтсіз аяқталған жағдайда, жұмсалған шығын өтелмейді.


"Өкінішке қарай, "Жеңіс" құрылымында іздеу-барлау ұңғымасын бұрғылау жұмысы нәтижесі бермеді, көмірсутек қоры анықталмады. Геологиялық болжам расталмады. Дегенмен, геологиялық бұрғылау жұмысының нәтижесінде алдағы уақытта ҚМГ-ның басқа да жобаларына қажетті жер қойнауының құрылымы туралы қосымша ақпарат алынды", делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда жер қойнауын пайдалану және өнеркәсіпті дамыту саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізу жайы талқыланып жатқаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: