Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл қаңтар-мамырда сыртқы саудада тауар айналымы 8% өскен

Биыл қаңтар-мамырда сыртқы саудада тауар айналымы 8% өскен, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 11:07 Сурет: primeminister.kz
12 шілде күні үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жылғы қаңтар-мамырда сыртқы саудада тауар айналымы 8% өсіп, 55,8 млрд доллар болғанын баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Экспорт 31,6 млрд. долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 3,8%-ке ұлғайып, 10,2 млрд. долларға жетті. Тауарлар импорты 24,2 млрд. долларды құрады. Жалпы оң сауда балансы 7,4 млрд. долларға тең. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 3,5%-ке өсті", - деп баяндады министр.

Көрсеткіш өсуі 15 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғарғы өсуді Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстары және Алматы қаласы көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 28,8%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 40,1%-ке және электр жабдықтарын жасаудың – 34,9%-ке өсуі қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар өсу келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 5,3%, мұнай өңдеу өнімдері – 1,9%, құрылыс материалдары – 4,4%, сусындар өндірісі – 6,6%, пластмасса бұйымдары – 7,8%, жеңіл өнеркәсібі – 24%.

Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 3,7%-ке жоғарлады. Бұл ретте мұнай өндіру – 5,6%-ке, газ өндіру – 2,5%-ке, өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 17,4%-ке, тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 3,2%-ке өсті.

Металл кендерін өндіру – 0,2%-ке, көмір өндіру – 8,1%-ке төмендеді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 12,3%-ке ұлғайды. 19 өңірде оң өсу тіркелді, әсіресе құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең көп өсуі Жетісу, Абай, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: