Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ КХДР-дың кесірінен Қазақстанда тіркелген компанияға санкция салды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2023 11:36 Сурет: zakon.kz
АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) Қазақстан, Словакия және Ресейде тіркелген үш заңды тұлғаға санкция салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл компаниялар Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы қару-жарақ келісімдеріндегі санкцияларды айналып өтті деген күдікке ілінген. Әңгіме "Verus" (Ресей), Defence Engineering Limited Liability Partnership (Қазақстан) және Versor S.R.O. (Словакия) туралы болып отыр.

2023 жылдың 30 наурызында АҚШ Қаржы министрлігі Словакия азаматы Ашот Мкртычевті Ресей мен КХДР арасындағы қару-жарақ келісімдерін жеңілдетуге әрекеттенгені үшін санкциялар тізіміне енгізді.

АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, ол КХДР-дағы бірқатар тауарлардың орнына Ресейге қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жиырмадан астам түрін беруді ұйымдастырған.

"Мкрычев Versor компаниясының президенті, "Verus" компаниясының негізін қалаушы және иесі, сонымен қатар Defence Engineering компаниясының жалғыз директоры. Мкртычев КХДР сатып алу қызметінің өкілдерімен келісіп, Versor-ды шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізу үшін пайдаланды".АҚШ қазынашылығы

2023 жылдың желтоқсанында Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова АҚШ-тың Ресейге КХДР-дан қару-жарақ жеткізілуі туралы мәлімдемесін жоққа шығарды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: