Энергетика министрі АҚШ Қаржы министрлігімен Қазақстан үшін санкциялық тәуекелдерді талқылады

Энергетика министрі АҚШ Қаржы министрлігімен Қазақстан үшін санкциялық тәуекелдерді талқылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 22:31 Сурет: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Энергетика министрі Ержан Әккенженов АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) директоры Брайан Смитпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, тараптар кездесуде АҚШ-тың санкциялық саясатының Қазақстан экономикасына тигізуі мүмкін жанама әсерлерін барынша азайту және қолданыстағы шектеулер жағдайында серіктестермен өзара іс-қимылдың практикалық қырларын талқылады.

"Тараптар өзара құрметке негізделген ашық, прагматикалық және айқын диалогты жалғастыруға дайын екендерін растады және консультацияларды одан әрі жүргізу туралы келісті", - деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары Мемлекеттік хатшы Марк Рубиомен, Сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден басталғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан және АҚШ арасындағы меморандумға қол қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: