Биткоин үшінші күн қатарынан әжептәуір арзандады

Биткоин үшінші күн қатарынан әжептәуір арзандады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.08.2023 10:23 Сурет: unsplash
Биржада биткоиннің (BTC) бағасы 25 000 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

CoinDesk порталының мәліметінше, Binance криптовалюта биржасында биткоин 9% төмендеді. Криптовалюта үшінші күн қатарынан құлдырап жатыр.

Биткоин кейінгі рет 9 тамызда 30 мың доллардан асып кеткені көрсетілген.

Тағы бір танымал криптовалюта эфир (ETH) 11% төмендеп, 1600 долларға жуықтап қалды.

Портал криптовалюталар мен басқа да тәуекелді активтер құнының төмендеуіне әкелетін факторлардың қатарында АҚШ-тың пайыздық мөлшерлемелерінің көпжылдық ең жоғары деңгейлеріне жетуі де бар екенін қосты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: