Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның солтүстік өңірінде қолайсыз ауа райы бидай сапасына қауіп төндіріп тұр

Бидай, егін жинау науқаны, жедел штаб отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2023 12:35 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанның солтүстік өңірінде нөсер жаңбыр мен үсік түріндегі қолайсыз ауа райы салдары бидай сапасына кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлері – Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында соңғы екі аптада жауын-шашын толастамай тұр. Қазгидрометтің болжамы көңіл көншітпейді: жауын-шашын 17 қыркүйекке дейін жалғасып, аяз түседі, соның салдарынан солтүстік өңірлерде жаңа дәннің өніп кетуі және ылғалдың жоғарылығынан сапасының төмен болу қаупі бар.

"Қазір біздің басты міндетіміз – ауа райы қолайсыздығының салдарын азайтып, фермерлерге барлық қажетті қолдауды көрсету және келесі жылға сапалы тұқым қорын қамтамасыз ету", - деді Айдарбек Сапаров егін жинау науқаны жөнінде жедел штабтың отырысында. 

Аталған жиында министр орын алуы ықтимал шығынның көлемін мейілінше азайту үшін мынандай шараларды жүзеге асыруды тапсырды:

  • астықты қабылдау кәсіпорындары мен карантиндік қызметтер астықты қабылдау кезінде тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ ҚТЖ компаниясымен астық тасымалдайтын вагондарды уақытылы жеткізу мәселесі пысықталатын болады. Бүгінгі таңда елімізде элеваторлардың жалпы сыйымдылығы 29,9 млн тоннаны құрайды, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында – 13,1 млн тонна және ауыл шаруашылығы өндірушілерінде – 16,8 млн тонна. Бұл өткен жылдардан қалған өнім мен биыл орылатын егінді сақтауға жеткілікті.
  • астықты кептіру үшін қосымша дизель отынын бөлу. Шешім Энергетика министрлігімен бірлесіп қабылданды. Тиісті нормативтік құқықтық акт әзірленіп, қазір тиісті органдармен келісіліп жатыр. Игерілмеген дизель отынының қолда бар қоры жеткілікті болмақ. Ал астық өңдеушілер мен лицензиясы бар элеваторларға қосымша көлем бөлінетін болады.
  • қаржы институттары мен Азық-түлік корпорациясы шаруаларға несиелер мен лизингтерді төлеу мерзімін ұзарту мәселелерін егжей-тегжейлі пысықтайтын болады. "Бәйтерек" холдингінің қаржылық ұйымдары тарапынан қолайсыз ауа райынан зардап шеккен фермерлердің несие мен лизинг мерзімдерін ұзартуға берілген әрбір өтініші жеке тәртіппен қаралатын болады. 
  • қосымша субсидиялар бойынша борыштарды жабу мәселесін жеделдету. Қосымша қажеттілік 171 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражатты бөлу кезінде қолда бар және қосымша бөлінген қаржының уақытылы игерілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ туындайтын проблемаларды шеше отырып, қысқа мерзімде субсидиялаудың ақпараттық жүйесін дайындау қажет. 
  • келесі жылға фермерлер үшін сапалы тұқым қорын құру. Ол үшін "Қазагрэкс" Азық-түлік корпорациясымен бірлесіп, қоймаларда қалған астықтың өткен жылғы қорларына зерттеу жүргізеді. Олар барлық талап етілетін сапалық сипаттамаға сәйкес келсе, Азық-түлік корпорациясы 2022 және 2023 жылдардағы егіннің астығын бөлек сақтау есебінен сапалы тұқым қорының сақталуын қамтамасыз етеді.

Шұғыл келіп түскен деректер бойынша, 8 қыркүйекке дейін Қазақстанда 4,8 млн гектар астық жиналды, бұл жалпы егіс алқабының - 28%-ы. Орташа өнімділігі 10 ц/га болған кезде, 4,8 млн тонна астық жиналды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: