Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұз бен Риддер жылу маусымына дайын ба? Энергетика министрлігі түсінік берді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 20:20 Сурет: zakon.kz
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов ведомствода өткен брифингі кезінде Екібастұз бен Риддердің жылу беру маусымына дайындығын сөз етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Екібастұзда жөндеуден өткен магистралды сынау кезінде құбыр жарылғанын атап өтті. Осыны алға тартқан олар вице-министрден "аталған қала тұрғындарының жылыту маусымында тағы бүрісіп, тоңуға мәжбүр болып жүрмейді ме" деп сұрады. 

"ЖЭО-ны әлеуметтік мазутпен қамтамасыз ету жайын айта аламын. Бүгінгі таңда бағасы 115 мың теңгеден 263 мың тонна арзандатылған мазут жоспарланған. Біз бұл мазутты облыстарға бөлу кестесін бекіттік. Әкімдіктермен жұмыс жүргізілді, әкімдіктер қазір сатып алу жұмыстарымен айналысып жатыр немесе олар бұл жұмысты аяқтап, жылыту маусымына дайындалуда. Мазутпен жылытылатын ЖЭО мен қалалар маусымға дер кезінде дайын болады", - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол Екібастұзда да, Риддерде де проблема туындамайтынын айтты.

"Менің әріптестерімнің, энергетиктердің айтуынша, бұл қалалар уақытында жылуға қосылуы тиіс. Шынымды айтсам, мен энергетик емеспін. Энергетика блогындағы әріптестерім адамдарды жылумен қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын білемін. Риддердегі ЖЭО-ның бүгінгі таңдағы мазут қоры 180 мың тоннаны құрайды, бұл - қазандықтарды іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуге жеткілікті көлем. Қалған көмір қоры 8 000 тоннаны құрайды", - деп атап өтті спикер.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: