Қазақстан Ресейге жүздеген тауарды жеткізуді тоқтатты

Сауда және интеграцияминистрлігі, Ресей, санкция, әскери өнімдер, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 12:39 Сурет: Zakon.kz
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Сенат кулуарында Қазақстан Ресейге тауардың 106 түрін жеткізуді тоқтатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол тауар экспорттау жаһандық жағдайға байланысты шектелгенін атап өтті.

"106 түрлі өнім. Біз олардың экспортын толығымен шектедік. Олар әскери мақсаттағы өнімдер. Мысалы, дрондар, ішкі бөлшектер, арнайы электроника, чиптер және осыған ұқсас өнімдер". Қайрат Төребаев

Көктемде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан санкцияларды айналып өту үшін Ресейге өз алаңын ұсынуға ниетті емес екенін жеткізген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: