Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Ресейге тауардың 106 түрін экспорттамайтыны рас па? Сауда министрлігі түсінік берді

министрліктер үйі, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 22:34 Сурет: egov
Сауда және интеграция министрлігі БАҚ-та Ресейге тауардың 106 түрін сатуға тыйым салынғаны туралы ақпараттың дұрыс еместігін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан мен Ресейдің сауда қатынастарын реттеу Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың ережелеріне толық сәйкес жүргізіледі. Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Ресей Федерациясына кез-келген тауарларды экспорттауға тыйым салынбаған.

"Бұл ретте экспорттық бақылауға жататын "қос мақсаттағы" тауарлармен сауда ҚР халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтеміз. ҚР заңнамасына сәйкес, мұндай тауарларға қатысты экспорт, импорт және транзит кезінде тиісті лицензия алу қажет". Сауда және интеграция министрлігі

Министрлік экспорттық бақылау жүйесі қос мақсаттағы тауарларды әкелу, әкету және транзиттеу үшін қажетті рұқсат құжаттарын алуды көздейтін сауда саясатының ерекше саласы екенін атап өтті.

"Экспорттық бақылау ұлттық құзыретке жатады, ол ЕАЭО туралы Шартта да бар. Парламент Сенатының аумағында журналистің сұрағына жауап ретінде Вице-министр Қайрат Төребаев айтқан тауарлардың 106 түрі қос мақсаттағы тауарлар тізбесіне кіреді. Бұл ретте қос мақсаттағы тауарларды экспорттық бақылау халықаралық тәртіпке сай 20 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтеміз".Сауда және интеграция министрлігі

Еске салайық, бұған дейін Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Сенат кулуарында Қазақстан Ресейге тауардың 106 түрін жеткізуді тоқтатқанын айтқан еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: