Еуропа шекарасында қазақстандық жүк көліктері ұзын-сонар кезекте тұр. СІМ түсініктеме берді

Еуропа шекарасы, қазақстандық жүк көліктері, кептеліс, СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 18:27 Сурет: pixabay
ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров 6 қарашада өткен брифингте Беларусь, Латвия және Литва шекараларында кептелісте тұрған қазақстандық жүк көліктеріне қатысты түсініктеме берді. Ол Қазақстан билігі мәселені шешу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айбек Смадияров СІМ бұл мәселені қазақстандық елшіліктермен, Көлік министрлігімен және аталған елдердің билігімен  бірлесіп пысықтап жатқанын атап өтті.

"Біздің континенттің еуропалық бөлігіндегі жағдайды өздеріңіз де жақсы білесіздер. Шекараларда кезек болатыны, жүк көліктері тұрып қалатыны болжанған. Өткен жылдары, тыныш кезеңде де осындай кезектер болған. Ал мынандай кезеңде, айтпаса да түсінікті жайт. Біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Барлық тауар өндірушілер, бизнесмендер мұндайда тәуекелдерді жүк тасымалдаушының мойнына артады. Әлем өзгерді". Айбек Смадияров

Айта кетсек, 1 қарашада Ақтөбе облысындағы "Жайсан" және "Әлімбет" шекаралық өткізу пункттерінде жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды. ҰҚК бұл маусымдық жағдай екенін айтты, яғни көкөністерді тасымалдау көлемінің артуымен байланысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: