ҚР ҚНРДА басшысы ЕАЭО-ға ортақ валюта жөнінде: Бұл мәселені ешқашан қарастырған емеспіз

Алтын, ҚР ҚНРДА, ЕАЭО, ортақ валюта, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 13:20 Сурет: Zakon.kz
9 қараша күні Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Ақордада журналистердің ЕАЭО-ға ортақ валюта жайындағы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер ҚНРДА басшысы Мәдина Әбілқасымоваға "ЕАЭО-ға бірыңғай валюта – "алтынды" енгізу мәселесі бүгінде өзекті ме?" деген сауал қойды.

Ведомство басшысы ЕАЭО-да бірыңғай валюта құру туралы сөз қозғалмағанын айтты.

"Біздің интеграциялық ынтымақтастығымыз аясында мұндай мәселе ешқашан көтерілген де, қарастырылған да емес, мұндай ұсыныстар ешқашан болған емес", – деді Мәдина Әбілқасымова.

ҚНРДА басшысының айтуынша, ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы ұлттық валютада жүргізіледі. Қазақстан экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы ұлттық валютадағы төлемдерді кеңейтуді қолдайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: