Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда автомобиль құрастыруды қазақ тілінде оқытатын бес топ ашылды

Allur автокөлік зауыты, Қостанай, көлік өнеркәсібі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 12:19 Сурет: Allur
Қазақстанда техникалық мамандарды даярлау оқу орындары мен бизнестің ынтымақтастығының арқасында сапалы жаңа деңгейге көтерілді.

Allur автокөлік компаниясы елімізде алғашқылардың бірі болып өзінің білім беру стратегиясын енгізді. Ол үшін Allur Корпоративтік университеті жұмыс істейді, ол барлық деңгейдегі оқу орындарымен ынтымақтасады.

Техникалық мамандардың көпшілігі дайындайтын колледждерге ерекше назар аударылады. Мұндай ынтымақтастықтың жарқын мысалы – Allur Автокөлік зауыты мен Қостанай автокөлік колледжі. Компания мен колледж мемлекеттік тілде білім беруді дамыту бөлігінде үлкен жұмыс атқаруда.

Allur автокөлік зауыты, Қостанай, көлік өнеркәсібі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 12:19

Сурет: Allur

Қазіргі уақытта қазақ тілінде оқытатын 5 топ ашылды. Сондай-ақ, компания елдегі машина жасау терминдерінің мемлекеттік тілдегі алғашқы сөздігін жасауға көмектескен тәжірибелі лингвистер мен филологтарды тартты. Бұл оқу құралы қазақ тіліндегі бейіндік әдебиеттің жетіспеушілігі мәселесін шешуге елеулі үлес қосты.

Осы еңбектің арқасында колледжге еліміздің басқа қалаларынан, соның ішінде Ақтау, Шымкент қалаларынан студенттер келіп білім алуда. Солардың бірі – 17 жастағы Бағдәулет Ермекбай:

"Қостанайда білім беру шамалы жоғарылау екен. Адамның еңбегін бағалайды. Кезінде мектепте қатты оқымағанмын. Бірақ үш жыл болды үздік студентпін, жоғары шәкіртақы аламын. Оқып жатқан мамандығым техника, автокөлік саласы болғандықтан осы Қостанайдағы автоөндіріске жиі барып тұрамын. Еліміздегі алдыңғы қатарлы автоөндірістерінің бірі деп айтуға әбден болады".
Allur автокөлік зауыты, Қостанай, көлік өнеркәсібі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 12:19

Сурет: Allur

Зауыт 2022 жылдан бастап колледжге қамқорлық жасайды, бірақ осы уақыт ішінде оқу орнында кітапхана мен конференц-зал жаңартылып, спорт нысандары, оқу зертханалары салынды.

"Зауыттың арқасында колледж базасында CKD ұсақ тораптық өндіріс технологиясы бойынша бірегей Кәсіби құзыреттілік орталығы ашылды. Студенттер заманауи жабдықтарда оқиды және оқудан кейін бірден зауытта жұмыс істеуге дайын. 2022 жылдан бері мұнда 210 студенттен тұратын мақсатты топтар оқытылады. Биылғы жылы ынтымақтастық колледж үшін жаңа "Автомобиль құрастыру" мамандығын ашуға мүмкіндік берді",- дейді Allur Жоғары инженерлік мектебінің басшысы Сания Иментаева.

Үш жылдың ішінде 3000-нан астам колледж бен ЖОО-ның студенттері кәсіпорында ақылы өндірістік тәжірибеден өтіп, оларға ай сайынғы еңбекақы төленіп, тегін тамақпен, жол жүрумен қамтамасыз етілген.

Allur автокөлік зауыты, Қостанай, көлік өнеркәсібі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 12:19

Сурет: Allur

Мемлекеттік тілде білім беруді дамытудың маңыздылығын Allur автокөлік зауытының бас директоры Сырым Семейбаев атап өтті:

"Қазақ тіліндегі техникалық білім біздің жастарға көптеген мүмкіндіктер ашады. Бұл бағыт біз үшін стратегиялық маңызға ие, өйткені автоөнеркәсіп саласында қазір еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар жұмыс істегісі келеді. Біз оларға барлық қажетті құзіреттерді ана тілінде үйретуіміз керек".

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: