Жаңалықтар тізбегі
0

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2023 жылдың қорытындысын шығарды

Қанат Шарлапаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, 2023 жылдың қорытындысы , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2024 18:28 Сурет: primeminister.kz
2024 жылы 15 наурызда ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алқа отырысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ведомствоның 2023 жылғы жұмысының нәтижелерін айтты.

ҚР ӨҚМ басшысының мәліметінше, өнеркәсіп саласында өсім 4,3%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 4,1%-ға өсті. Өсім барлық дерлік секторларда тіркелген, деп хабарлайды Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.

Машина жасаудағы нақты көлем индексі (НКИ) 125,4%, қара металлургияда ― 101,0%, химия өнеркәсібінде ― 100,2%, жеңіл өнеркәсіпте ― 112,2%, құрылыс материалдары өндірісінде ― 106,1% құрады.

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, 2023 жылы министрлік өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету тетігін әзірлеген. Норма ҚР Парламенті Мәжілісімен мақұлданған және Сенатта қаралуда.

Сондай-ақ, өткен жылы арнайы экономикалық аймақтар аумағында кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары реформаланды. "Инвестициялар неғұрлым көп болса ― жеңілдіктер соғұрлым көп болады"" қағидаты бойынша АЭА қатысушылары үшін жеңілдіктер берудің сараланған тәсілі енгізілді, инвестициялық міндеттемелерді орындағаннан кейін жер учаскесін сатып алу құқығы, сондай-ақ АЭА аумағында жеңілдіктер қолданбай әлеуетті жобаларды (басым салалардан тыс) орналастыру құқығы қолданылады.

"2023 жылы машина жасау саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары қабылданды. Кешенді жоспарды толыққанды іске асыру есебінен машина жасау саласының жалпы қосылған құнының 4,5 есе өсуі қамтамасыз етіледі. Сирек және сирек жер металдарын дамыту бағыты шеңберінде Еуропалық Одақпен, АҚШ-пен, Ұлыбританиямен және Кореямен ынтымақтастық орнатылды. Саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары қабылданды", - деді Қанат Шарлапаев.

Министр 2023 жылдың соңында болат өндіретін ірі жүйе құраушы кәсіпорын кәсіпорынды кешенді жаңғыртуға инвестицияларды жүзеге асыру шарттарында жаңа отандық инвесторға басқармаға берілгенін еске салды. Бұдан басқа, ішкі нарықты қанықтыру және елішілік құнды дамыту саясаты шеңберінде 2023 жылы отандық тауар өндірушілермен 179 ұзақ мерзімді шарттар мен оффтейк-келісімшарттар жасалды.

Жалпы, өткен жылы 1,7 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 11,1% құрады. 928,2 млрд теңгеден астам сомаға 170 инвестициялық жоба іске қосылды, 12,2 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін 17 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 1,3 трлн теңге сомасына 180 жобаны енгізу жоспарлануда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: