Елімізде азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы өсті
Сурет: pixabay
Тамызда елімізде жылдық инфляция баяулап, 8,4%-ды құрады (шілдеде – 8,6%). Жылдық инфляция көрсеткіші сегіз өңірде баяуласа, тағы сегіз өңірде, керісінше қарқын алды, ал тағы төрт өңірде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ұлттық банктің мәліметінше, жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Астана қаласында және Маңғыстау облысында тіркелді.
"Тамызда азық-түлік тауарларының бағасы бұрынғы ж/ж 5,5% деңгейінде қалды (шілдеде – 5,5%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Алматы қаласында (8,3%) – максималды, ал Түркістан облысында (3,0%) минималды өсімді көрсетті", делінген хабарламада.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 7,7%-ға дейін жеделдеді (шілдеде – 7,3%). Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (13,0%), ең төменгі мән Алматы облысында (5,4%) тіркелді.
"Тамызда ақылы қызметтер бағасы 13,6%-ға дейін баяулады (шілдеде – 14,5%). Сонымен қатар Павлодар облысында (18,9%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Алматы облысында (7,7%) айтарлықтай төмен өсім көрсетті", деп нақтылады Ұлттық банк өкілдері.
Тамызда ел көлемінде айлық инфляция 0,6% болды. Бұл – тарихи орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдардағы тамызда – 0,2%).
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript