Квазимемлекеттік сектордың 2025 жылғы сыртқы борышының шекті көлемі бекітілді

Сыртқы қарыз, борыш, квазимемлекеттік сектор, шекті көлем, 2025, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2025 17:02 Сурет: freepik
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2024 жылғы 27 желтоқсанда қол қойған бұйрығында квазимемлекеттік сектордың 2025 жылғы сыртқы борышының шекті көлемін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта квазимемлекеттік сектордың 2025 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі былай белгіленеді:

  • "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ  - 7 501 670 млн теңге немесе 15 961 млн доллар;
  • "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ - 2 722 710 млн теңге немесе 5 793 млн доллар.

Бұл жағдайда 1 АҚШ доллары 470 теңге деңгейінде есептеу жүргізілгені көрсетіледі.

Бұйрық 2025 жылғы 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: