Қазақстан 2024 жылға арналған квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызының шекті көлемін бекітті

Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен 2024 жылға арналған квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызының шекті көлемі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, сыртқы қарыздың ең жоғары мөлшері бекітілді:
- "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ – 5 741 720 млн теңге немесе 12 482 млн доллар;
- "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ – 2 319 780 млн теңге немесе 5 043 млн доллар.
Максималды көлем 1 доллар үшін 460 теңге бағамымен есептеледі.
Бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Бұйрық 2024 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript