Энергетика министрлігі Өнім бөлінісі туралы келісім шарттары қандай жағдай қайта қаралатынын айтты

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2025 жылғы 26 ақпанда ведомствода өткен брифинг барысында Өнім бөлінісі туралы келісімдерді (ӨБК) қайта қарау ықтималдылығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Энергетика министрі бұл мәселені айқындап берді.
"Үкімет өз позициясын қалыптастырады, яғни бұл арада өз үлесін алу немесе оны арттыру туралы сөз болып отырған жоқ. Бекітілген мерзімдері бар. Барлық ӨБК-де, барлық келісімшартта келіссөздер кезеңі болады, тиісті үкіметаралық комиссиялар құрылды және біз осы келіссөздер шеңберінде қазақстандық кәсіпорындардың, тұтынушылардың және Қазақстанның мүдделерін ірі мұнай-газ жобаларында қорғау туралы мәселе қоямыз", - деп сөзін толықтырды Сәтқалиев.
Оның айтуынша, бұл келісімшарттар қоғамға қолжетімді емес, өйткені оларды жариялау үшін барлық қатысушылардың рұқсаты қажет. Энергетика министрі бұл инвесторлардың құқықтарын қорғауға байланысты халықаралық тәжірибе екенін мәлімдеді.
"Келісімдердің шарттарын қайта қарау келіссөздердің бәсекелестік кезеңінде ғана мүмкін болады, яғни жобаның мерзімі аяқталатын кез жақындағанда келісімге қатысушы ел оны ұзартуды әлде оны аяқтауды жоспарлап отырғанын айтуы тиіс және одан әрі өтемақы сомалары, жобадан шығу немесе шарттарды қайта қарау, ел үлесін ұлғайту, қатысушы елдің пулын сақтау немесе ӨБК-нің өзге қатысушысын таңдау тұрғысында келіссөздер жүргізіледі. Қазіргі уақытта Үкімет бұл келіссөздер позициясын байыппен дайындауда, яғни бұған дейін айтқанымдай, тиісті топтар құрылды, мемлекет мүдделеріне толық сәйкес келетін мемлекеттік саясат қалыптасуда", – деп сендіреді ол.
2025 жылғы 29 қаңтарда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Өнім бөлінісі туралы келісімдер (ӨБК) бойынша қандай келісімшарттарда Қазақстан үлесін ұлғайтқысы келетінін айтқан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript