Елімізде инфляция көрсеткіші бойынша қай қалалар оқ бойы озық келеді

Азық-түлік, инфляция, сәуір, Ұлттық Банк, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2025 19:27 Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша тауарлар мен қызметтердің бағасы қай қалалар мен аймақтарда айтарлықтай өсті? Бұл сұраққа Ұлттық Банктің бүгін жариялаған есебінде жауап берілген. Сәуірде елде жылдық инфляция жеделдеп, 10,7% (наурызда – 10,0%) болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жылдық инфляцияның қарқыны 18 өңірде байқалды. 1 өңірде баяулап, тағы 1 өңірде бұрынғы деңгейде сақталды.  Жылдық инфляцияның 13,8%-дық ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді, делінген Ұлттық Банк хабарламасында.

Бұған дейін біз сәуір айында елімізде жылдық инфляция 10,7%-ды құрағанын жазғанбыз. Ал сәуірде еліміздегі айлық инфляция көрсеткіші 1,2%-ды қамтыды. 

Сәуірде азық-түлік тауарларының бағасы жылына 8,5%-ға (наурызда – 7,6%) дейін жеделдеді. Осы топтағы тауарлардың бағасы Ақмола облысында (11,2%) айтарлықтай жоғары өсім көрсетті. Ал Қызылорда облысы мен Алматы қаласында(6,8%-дан) төмен өсім байқалды.

Сәуірде азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 8,9%-ға (наурызда – 9,1%) дейін баяулады. Ең жоғары мән Түркістан облысында (14,8%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,9%) тіркелді.

Сәуірде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы жылдық сипатта 15,7%-ға (наурызда – 14,3%) дейін жеделдеді. Сонымен қатар, Алматы қаласында (20,0%) баға жалпы республикалық деңгейден жоғары, Павлодар облысында (8,6%) айтарлықтай төмен өсім көрсетті.

Алдында наурыз айында елдегі жылдық инфляция үдеп, 10% болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: