АИ-92 бензинінің қымбаттауы, автогаздың жетіспеушілігі: Астанада шағымдар қабылдайтын жедел желі ашылды

Бензин, АИ-92, қымбаттау, автогаз, тапшылық, Астана, шағымдар, жедел желі  , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2025 09:51 Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің қымбаттауына және автогаздың жетіспеушілігіне қатысты шағымдарды қабылдайтын жедел желі ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрлігі бензин мен дизель отынына қойылған бағалық мораторийдің бұзылуы, сондай-ақ кейбір жанар-жағармай құю станцияларындағы сұйытылған мұнай газының (автогаздың) қолжетімділігі бойынша азаматтардың өтініштерін тіркеуде, деп хабарлады 2025 жылғы 1 қарашада құзырлы ведомство.

"Министрлік Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңірлік штабтармен бірлесіп, алыпсатарлық пен отынның жасанды тапшылығын туғызуға бағытталған кез келген әрекеттерге қатаң тосқауыл қояды", делінген хабарламада.

Бензин мен дизель отыны бойынша: министрлік барлық қажетті отын көлемі өңірлердің өтінімдеріне сәйкес жөнелтіліп, мұнай базаларында сақталып тұрғанын атап өтеді:

"Тапшылыққа себеп болатын объективті факторлар жоқ".

Сұйытылған мұнай газы бойынша: өндіруші зауыттардың бірінде жүргізілген жоспарлы жөндеу жұмыстары министрлік тарапынан алдын ала ескеріліп, жоғары сұраныс байқалатын өңірлер үшін қосымша көлемдер бөлінді.

"Сондықтан кейбір газ құю бекеттеріндегі кезектер жүйелі тапшылықпен емес, ішкі бөлу және логистика мәселелерімен байланысты".

Егер сіз АИ-92 маркалы бензин бағасының негізсіз қымбаттауы немесе АЖҚС-та отынның болмауы сияқты жағдайларға тап болсаңыз, жедел желі телефонына хабарласуыңызды сұраймыз: +77018550248.

"Қоңыраулар тәулік бойы 24/7 форматында қабылданады. Әрбір өтініш мұқият қаралып, расталған жағдайда адал емес нарық қатысушыларына қатысты тиісті шаралар қабылданады". ҚР Энергетика министрлігі

Айта кетсек, 2025 жылдың 28 қазанында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Маңғыстау облысындағы автогаз құю бекеттерінде пайда болған кезектерге қатысты түсініктеме берген болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: