Теңіз кен орнында мұнай өндіру жұмыстары қайта жанданды

Мұнай, Теңіз, кен орыны, мұнай өндірісі, Энергетика министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2026 12:46 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылы 31 қаңтарда ҚР Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 03:35-те алғашқы ұңғыма сәтті іске қосылды. Технологиялық қондырғылар іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеуде.

"Қазіргі уақытта 5 ұңғыма пайдалануға берілді. "Теңізшевройл" компаниясының техникалық қызметтері келесі топтық өлшеу қондырғысын іске қосуға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Мұнай өндіру көлемін арттыру жүйе параметрлері тұрақтандырылып, өндірістік процестердің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады", делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін, 26 қаңтарда, екінші буын зауыты сәтті іске қосылған болатын. Оның жұмысы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған Королев кен орнынан жеткізілетін шикізатпен қамтамасыз етілуде.

"ҚР Энергетика министрлігі мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жобаның жоспарлы қуаттылыққа қысқа мерзімде шығуын қамтамасыз ету мақсатында операторға жан-жақты қолдау көрсетуде. Қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін өндірістік нысандарда тікелей Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жұмыс жүргізуде. Жағдай тұрақты бақылауда, басты басымдық – өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қатаң талаптарын сақтау". ҚР Энергетика министрлігі

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 28 қаңтарда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Теңіз кен орны қашан іске қосылатындығы туралы сұраққа жауап берген болатын.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: