Зейнетақы мұрагерлері енді марқұмның зейнетақы жинағын түгелдей шешіп ала алады
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстанда зейнетақы аннуитетінің мұрагерлік ережелеріне қатысты өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол жаңа норма ресми түрде күшіне енетінін нақтылады.
"Кеше қабылданған заңның ішінде біз ұсынған маңызды түзету бар. Ол ресми түрде күшіне енеді. Бұрын зейнетақы аннуитетін алып жүрген адам қайтыс болса, оның жинаған ақшасы артында қалған отбасына толық берілмейтін. Мұрагерлері ол ақшаны тек ай сайын, тиын-тебендеп, жылдарға созылып қана ала алатын. Қалған бүкіл ақшасын, бірден алу заң жүзінде мүмкін емес еді", деп жазады Асхат Аймағамбетов Telegram арнасында.
Оның айтуынша, депутаттар бұл ережені өзгерткен. Яғни, енді отбасыларға таңдау беріледі.
"Егер зейнетақы аннуитеті бойынша шотта ақша қалса, мұрагерлер оны бұрынғыдай ай сайын бөліп алуды жалғастыра береді немесе қалған барлық соманы бір-ақ күнде, бірден толық алып кете алады. Бұрынғыдай тек бір ғана қатал шектеу жоқ, таңдау - отбасының өз қолында. Біз зейнетақы аннуитеті жүйесін адамдарға ыңғайлыәрі икемді еттік", - деді депутат.
Бұған дейін БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға арналған жаңа жеткілікті шектерді жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript