Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Пенсия, пенсионеры, пенсионер, пенсионный возраст, пенсионные накопления, пенсионные отчисления, пенсионный фонд, ЕНПФ, пенсионная система, накопительная пенсионная система, накопления, пенсионные выплаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2026 14:57 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) 2026 жылғы 16 маусымда зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жеткіліктілік шектерінің өзгеруінен кейін алаяқтардың белсенділігі артқанын ескертіп, азаматтарға сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қор мәліметінше, алаяқтар қазақстандықтарға зейнетақы шоттарындағы қаражатты шығарып беруді ұсынып, түрлі тәсілдермен байланысқа шығуда.

"Алаяқтар өздерін БЖЗҚ қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға аты-жөнімен хабарласуы мүмкін. Кей жағдайларда салымшылар туралы белгілі бір мәліметтерді де пайдаланады. Сондықтан мұндай хабарламалар мен қоңырауларға сенбеуге шақырамыз", – делінген қор хабарламасында.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы және тегін түрде мобильді қосымша, ресми сайт немесе жұмыс уақытында 1418 байланыс орталығы арқылы алуға болатынын еске салды.

Қор қызметкерлері ешқашан телефон, электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жеке деректерді, SMS-кодтарды, құпиясөздерді және өзге де құпия ақпаратты сұрамайтынын атап өтті.

Осыған байланысты қазақстандықтарға:

  • SMS арқылы келген растау кодтарын, құпиясөздерді және жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу;
  • растау кодтарын немесе өзге де құпия ақпаратты сұраған жағдайда әңгімені бірден тоқтату;
  • белгісіз адамдардың ақпараттық немесе психологиялық қысымына ермеу;
  • барлық ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру ұсынылды.

Еске салайық, 2026 жылғы 6 маусымда БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін жаңа жеткіліктілік шектерін жариялаған болатын. Соның нәтижесінде азаматтардың пайдалана алатын жинақ көлемі азайды. Ал өзгерістердің себептерін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев түсіндірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: