Ұлттық қордан ақшаның алынуы: 2030 жылға дейін 100 млрд доллар жинай аламыз ба

Ұлттық қор, 2030, Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, Азамат Әмрин, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2026 19:09 Сурет: pixabay
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин 2026 жылғы 17 қыркүйекте Құрылтайда өткен брифинг барысында "Ұлттық қордан алынатын қосымша трансферттер оның жинақтаушы функциясына қатер төндіріп жүрмей ме" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат Әмрин 2030 жылға қарай 100 миллиард доллар жинақтау міндеті барын әрі ол міндеттің күші жойылмағанын айтты.

"Үш жылдық кезеңге 5 триллион теңге көлемінде қосымша нысаналы трансферт алып жатқанымызға қарамастан, Ұлттық қорға түсетін түсімдер көлемі өсіп жатыр. Жалпы алғанда, 75 миллиард долларға дейін өсім бар. Егер біз бұл қаражатты алмағанымызда, динамика басқаша болар еді. Шамамен 87 миллиард доллар жинай алар едік", деп есептейді ол.

Сондай-ақ ол қаражатты алудан болған оң нәтижелерге тоқталды.

"Ұлттық қор – болашақ ұрпақтың қоры, ал болашақ ұрпаққа ақша қалдыруға болады, яғни қордың жинақтау функциясы сақталады. Жыл сайын оның көлемі өсіп отырады, яғни Ұлттық қордың активтерінің құрылымы өзгертілді: кірістілік бойынша саясат агрессивті бола түсті, сәйкесінше, егер салық түрінде, мысалы, 1,5 триллион доллар түссе, онда шамамен 1,4 триллион долларға жуық, яғни бұл кірісті активтерді дұрыс пайдаланудың арқасында оның соңынан қуып жетеді. Осылайша Ұлттық қорға қосымша қаражат тартылады. Бірақ бұл қаражаттан (қордан алынған – ред.) да болашақ ұрпаққа денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы объектілер түрінде актив қалдыруға болады. Бұл адами капиталға тікелей әсер ететін нәрсе", - дейді вице-министр.

Бұған дейін қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Ұлттық қордан алынатын 5 триллион теңге қосымша қаражаттың қайда жұмсалатынын айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: