2027 жылға арналған бюджет жобасында доллардың қандай бағамы белгіленді

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, доллар и тенге, доллары и тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2026 12:40 Фото: freepik
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин 2026 жылғы 17 қыркүйекте Құрылтайда үш жылдық бюджет жобасын таныстыру барысында 2027 жылға қандай доллар бағамы белгіленгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Депутат Наталья Годунова бюджет кірістерінің сапалы орындалуы аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл көрсеткішке әсер ететін негізгі индикаторлардың бірі – доллар бағамы.

"2026 жылға арналған республикалық бюджет жобасында доллар бағамы жоғары деңгейде, яғни бір доллар 540 теңге болып белгіленді. Бұл бюджеттің кіріс бөлігін орындау кезінде тәуекелдер туғызды. 2027 жылға доллардың қандай бағамы белгіленді және ол қаншалықты негізделген?" – деп сұрады депутат.

Азамат Әмрин биылғы жылға арналған болжамда бір доллардың бағамы 540 теңге болып белгіленгенін айтты.


"Алайда бюджет процесіне сәйкес, біз 2026 жылды 2025 жылғы шілде-тамыз айларында жоспарладық. Сол кезде доллар бағамы 540 теңге, тіпті 550-554 теңгеге дейін жеткен еді. Сол кездегі динамикаға қарап, жыл бойы осындай бағам сақталады деп күттік. Сондықтан биылғы жоспарға 540 теңге бағамы енгізілді. Қазіргі динамиканы ескере отырып, 2027 жылға бір долларды 480 теңге деңгейінде белгілеп отырмыз. Жыл басынан бергі орташа бағам 478 теңгені құрады. Сондықтан консервативті болжам ретінде 480 теңгені алдық. Қажет болса, бұл мәселе бойынша бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныс енгізуіміз мүмкін. Бірақ әзірге бұған негіз жоқ", – деп жауап берді ол.

Бұған дейін Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева елдің үш жылдық бюджет жобасына қатысты пікір білдірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: