Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан экономикасының өсуіне не ықпал ететінін айтты
Фото: pixabay
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин 2026 жылғы 17 қыркүйекте Құрылтайда үш жылдық бюджет жобасын таныстыру барысында ел экономикасы қандай салалардың есебінен дамитынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Азамат Әмрин бюджет жобасына консервативті сценарий енгізілгенін атап өтті.
"Экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін резервтер бар. Негізгі қозғаушы күш өнеркәсіп болады. Өздеріңіз білетіндей, өңдеу өнеркәсібі екінші жыл қатарынан тау-кен өнеркәсібінен озып келеді. Мәселен, үш жыл бұрын мұнай өндірудің жалпы ішкі өнімдегі үлесі шамамен 16% болса, қазір бұл көрсеткіш 8%-ға дейін төмендеді. Яғни оның экономика құрылымындағы үлесі екі есе азайды. Ал өңдеу өнеркәсібі, керісінше, өсіп келеді", – деді ол.
Сондай-ақ ол ауыл шаруашылығындағы өсім 16%, көлік саласында 10%, ал саудада 5,7% болатынын атап өтті.
"Мен атаған өңдеу өнеркәсібі, жалпы өнеркәсіп, сауда және құрылыс салалары экономика өсімін 5%-дан жоғары деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деп қорытындылады Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
Бұған дейін Азамат Әмрин 2027 жылы республикалық бюджетке қанша кіріс түсіру жоспарланғанын және оның қандай факторлардың есебінен өсетінін айтқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript