Жаңалықтар тізбегі
0

Ұрып-соғу бала психологиясының бұзылу қаупін жоғарылатады – зерттеу

Бала психологиясы, баланы ұрып-соғу, зерттеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2023 13:57 Сурет: pixabay
Мельбурн университетінің психиатрия профессорыСофи Хавигхерсттің пікірінше, балаларды ұрып-соғу арқылы жазалау заңмен қудаулану керек , деп хабарлайды Zakon.kz.

The Australian басылымының жазуынша, баланы ұрып-соққандар көптеген елде әлі де жауапкершілікке тартылмайды.

Басылымның мәліметінше, 16 мен 24 жас аралығындағы он адамның алтауы бала кезінде таяқ жегенін айтқан.

"Зерттеу нәтижелері бала кезінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған 16 мен 24 жас аралығындағы жасөспірімдердің 61%-ы кейінгі өмірінде үрей мен депрессиядан екі есе көп зардап шегетінін анықтаған авустралиялық балаларға жүргізілген зорлық-зомбылық зерттеуімен сәйкес келеді".Софи Хавигхерст

Зерттеудің бірлескен авторы, Австралия католик университетінің жанындағы балаларды қорғауды зерттеу институтының директоры, профессор Дэрил Хиггинс ересек адамдар шапалақтың әсері жоғары деп есептейтінін айтқа, 65 жастан асқан адамдардың 38 пайызы мұны қажет деп санайды. Алайда 16-24 жас аралығындағы жастардың 15 пайызы ғана шапалақты тиімді жаза деп көрсеткен.

Британиядағы балаларға қатыгездіктің алдын алу ұлттық қоғамының бас атқарушы директоры сэр Питер Уэнлесс елде ересектерді ұрып-соғу заңға қайшы саналғанымен, балаға ондай қорғану құқығы берілмегенін алға тартты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: