Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбелік мұғалім ерекше балаларға домбыра үйретудің әдісін ойлап тапты

Ақтөбе, ерекше балалар, домбыра, домбыра үйірмесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 10:30 Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Ақтөбе қаласында музыка пәнінің мұғалімі Гүлсана Мағзымбетова ерекше балаларға музыкалық аспаптар тартуды үйретіп жүр. Бұл жөнінде Zakon.kz сайтына 7 маусым күні ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құлағында мүкісі бар қатысушылар үшін ұстаз түрлі-түсті түстер мен геометриялық фигуралар арқылы нота үйрету методикасын ойлап тапқан.

Ол жеті нотаны жеті түрлі түске бояп, бес саусақты геометриялы пішіндерге ауыстырыпты.

Министрліктің мәлімдеуінше, оқу әдістемесінің авторлық құқығы бар және ол Берн конвенциясы арқылы бірнеше елде қорғалған.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гүлсана Мағзымбетовадан бүгінде түрлі сырқаты бар 30 бала тәлім алып жүр. Бойындағы түрлі дертіне қарамай, домбыра тартуды меңгерген өнерпаздар қалалық байқаулардан бастап, облыстық, республикалық бәйгелерде көзге түсіп келеді.

Ақтөбе, ерекше балалар, домбыра, домбыра үйірмесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2023 10:30

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Ақтөбелік ұстаздың айтуынша, бұл әдіс балалардың денсаулығына оң әсер етеді екен.

"Кез келген музыкалық аспапты тарта білу екі ми бөлігін бірден жұмыс істеуге итермелейді. Цебральді сал ауруына шалдыққан балалардың қол моторикасы жақсы дамиды. Осы әдістеме арқылы басқа да аспаптарда ойнауға болады", – дейді Гүлсана Мағзымбетова.

Ал Петропавл қаласындағы №1 IT-лицейдің педагог-шебері Сергей Никулин "Қазақстан тарихы бойынша тесттер" атты мобильді қосымша ойлап тапты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: