Жаңалықтар тізбегі
0

"Болашақ" стипендиясы иегерлеренің тізімі жарияланды

"Болашақ" стипендиясы, шетелде білім алу, тағылымдама, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 10:59 Сурет: bolashak.gov.kz
182 адам "Болаша" стипендиясының иегері атанды. Оның ішінде 149 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасында, 7 адам докторантурасында білім алады, ал 26-сы әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Стипендиаттардың басым көпшілігі шетелде жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша даярланады.

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі

Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша гранттар иегерлерінің тізімі

"Мемлекет басышысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін "Инженерлік-техникалық қызметкерлер" жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар біздің бастамамызбен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді"."Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов

Сондай-ақ, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 328 қазақстандық ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша грант иегері атанды.

Отандық ғалымдар инженерлік ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру, агроөнеркәсіптік кешен, медицина және т.б. салаларда зерттеулер жүргізу үшін әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына жіберілетін болады.

2023 жылы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжат қабылдау төрт лекте өтеді. Үшінші легі биылғы жылғы 7 шілдеге дейін жалғасады. Жыл соңына дейін, яғни 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында тағы бір легі өтеді.

Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 28 тамыз бен 13 қазан аралығында өтеді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: