Жаңалықтар тізбегі
0

Ғани Бейсембаев: 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтылады

ҚР Оқу-ағарту министрі, Қазақстан президенті, мектеп, оқушы, колледж студенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 13:00 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 23 маусым күні Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді, деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Президентке биыл қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі педагогтардың еңбекақысы 30 пайызға өсетіні туралы баяндалды.

"Жыл соңына дейін балабақшаларда 81 мың орын ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 98 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі", – делінген ресми хабарламада.

Оқу-ағарту министрінің айтуынша, педагогтарды аттестаттау рәсімі жетілдіріліп жатыр. Енді олардың кәсіби біліктілігі пәнді қаншалықты жақсы білетініне қарай, ал жұмысының нәтижесі білім алушылардың оқу жетістіктері негізінде бағаланады.

Ғани Бейсембаев биыл 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін айтты. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын дабыл түймелерімен, лицензиясы бар күзетпен, турникеттермен және жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Ауыл мектептерін дамыту тұжырымдамасы таныстырылды. Биыл техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің 80 пайызы тегін оқиды. Қыркүйек айынан бастап олардың шәкіртақысы 50 пайызға, ал келесі жылы 100 пайызға артады. Кәсіпорындар колледж түлектерін міндетті түрде жұмысқа орналастыру шартымен мамандарды мақсатты даярлау ісіне алғаш рет атсалысып отыр.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министріне білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне ұдайы көңіл бөлуді тапсырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: