Жаңалықтар тізбегі
0

Coursera әлемдік рейтингінде Қазақстан нешінші орында

Coursera, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, әлемдік рейтинг, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2023 09:41 Сурет: pixabay
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан Coursera рейтингінде 31-орынға ие болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің жазуынша, Coursera онлайн білім беру алаңы Global Skills Report 2023 жаңа есебін жариялады. Баяндамада орналастырылған курстарға сұраныс және оларды тыңдаушылардың сәтті өтуі зерттелген. Қазақстан жалпы әлемдік есепте 31-орынды иеленген.

Баяндамада Қазақстанда білім алушылар технологиялық дағдылар бойынша жетістікке жетіп жатқаны, Technology көрсеткіші 96% болғаны атап өтілген.

Рейтинг құраушылар мына білім санаттарын қарастырады:

  • Business – менеджмент, коммуникация, қаржы және бухгалтерлік есеп сияқты бизнесті басқаруға қатысты дағдылар;
  • Technology – ІТ-жүйелер мен бағдарламалық жасақтаманы құру, қолдау және масштабтау үшін қажетті дағдылар;
  • Data Science – шешімдер қабылдау үшін немесе әзірленіп жатқан өнімдер мен қызметтерде компаниялар жасаған білімді жинау және пайдалану дағдылары.

2023 жылы зерттеу базасына әлемнің 100 елінен 124 млн студент тіркелген.

Ведомство басшысының айтуынша, бұл рейтингтегі позицияны арттыруға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің еліміздің 25 жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларында 600-ден астам курстарды енгізу арқылы цифрлық экономика үшін 20 мың студент пен оқытушыны даярлау жөніндегі бастамасы ықпал етіп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: