"Алаңдауға негіз бар". Отандық мамандар Тянь-Шань мұздықтарын зерттейді
"Осы мақсатта "Қазселденқорғау" мекемесі мен География және су қауіпсіздігі институты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ғалымдардың айтуынша, алаңдауға негіз бар. Шілде айының соңына қарай жауған жаңбырдың салдарынан Алматы маңындағы бірнеше су бассейндерінде сел шығарындылары жиналып қалған. Сонымен қатар биылғы жаздағы аптап ыстықтан мұздықтар ери бастады. Осыдан кейін өзендердегі су деңгейі арта түскен. Мамандар Іле Алатауы жаһандық климаттық өзгеріске ұшырап отыр дейді. Мәселен, соңғы 15 жылда теңіз деңгейінен 3000 метр биіктіктегі температура 3 градусқа көтерілген", деп хабарлайды "Хабар 24".
"Ғылыми институтпен меморандумға қол қойдық. Ең басты мақсат – бүгінгі таңда барлық ақпаратпен алмасу. Барлық аэровизуалдық бірлесіп жүргізу және бүгінгі таңда қауіпті учаскелер бойынша осы бірлесіп, біздің жұмыстарды айқындау. Төртіншіден, біздің мақсат – біздің мамандарды оқыту. Бесінші – цифрландыруға байланысты жұмыстарды кеңейту. Себебі судың температурасын, басқа да көрсеткіштерді тез арада алу керекпіз". ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшысы Қайрат Бекенов
Айта кетсек, бүгін, 8 тамызда Алматыда қысқа мерзімде төпеп өткен нөсер салдарынан бірнеше жол учаскесін су басты.