Астанада алғаш рет Жоғары білім және ғылым форумы өтеді
Форумға білім және ғылым жүйесінің қызметкерлері, ЖОО және ҒЗИ басшылары, қоғамдық кеңес өкілдері, ЖОО директорлар кеңесінің мүшелері, жас ғалымдар кеңесі, студенттер, сарапшылар және басқалар қатысады. Форум аясында Назарбаев Университетінде және IT-Университетте жоғары білім және ғылым, Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ-да тіл саясаты бойынша тақырыптық секциялық отырыстар өткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар форумда ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов, премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, профессор, Heriot-Watt University проректорының орынбасары (академиялық басшылық) Тadhg O'donovan, Қазақстандағы De Montfort университетінің президенті Sakina Zafar, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев және басқалар сөз сөйлейді.
Форумның секциялық отырыстары министрліктің Facebook және YouTube парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.