Қазақстанда студенттерге пәтер жалдауға мемлекеттік субсидия енгізіле ме
Сурет: unsplash
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі Ақерке Абылайхан "Жатақханадан орын тимеген студенттерге пәтер жалдау ақысын мемлекет субсидиялай ма?" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан қазіргі уақытта субсидиялау мәселесі қарастырылып жатқанын атап өтті. Бұл ретте жатақханада орын жетпеген студенттер қонақүйлер мен хостелдерде тұра алады, онда тұру пәтер жалдаудан арзанырақ.
"Субсидиялау мәселесі қарастырылмаған. Расымен студенттер хостелдерге орналастырылып жатыр. Университеттер қонақүйлер мен хостелдердің иелерімен келісім-шарт жасайды. Бірінші талап – бұл хостелдерде тек студент жастар тұруы керек. Хостелде тұру құны 30- 60 мың теңге аралығында. Әрине, арзан емес, бірақ пәтер жалдаумен салыстырғанда қолайлы". Ақерке Абылайхан
Оның айтуынша, мемлекет бизнес өкілдеріне жатақхана ғимараттарын салу және қайта жөндеу жұмыстарына қолдау көрсету шараларын қабылдап жатыр.
"Оларға шынымен мемлекеттік қолдау қарастырылып жатыр. Өңірлерде жатақхана салған жағдайда алты жыл бойы әрбір студентке оқу жылында 150 АЕК көлеміндегі мемлекеттік тапсырыс өтеледі. Алматыда бұл сома 230 АЕК болады. Сондай-ақ жатақханалардағы ғимаратты қайта жаңғыртуға қолдау қарастырылған: өңірлерде – 47 АЕК, Алматы, Астана қалаларында – 92 АЕК". Ақерке Абылайхан
Алматы қаласы бойынша студенттер омбудсмені Әділхан Төлепберген биыл университет жатақханаларында тұру үшін студенттердің жалпы тізімі жасақталып жатқанын айтты.
"Биыл жоғары оқу орындары грантпен оқитын студенттер мен бюджеттік негізде оқитын студенттерді бөлек қарастырмайды. Жалпы тізім жасайды. Комиссия кеңесіп, орындарды бөледі, барлығын қарайды. Көптеген университеттер өтініштерді онлайн қарауға көшіп жатыр. Мен осы нұсқаны дұрыс деп есептеймін". Әділхан Төлепберген
Қазақстанда жатақханадағы орын тапшылығы мәселесі күйіп тұр. Өткен жылы 69 мың орын тапшы болса, 2023 жылы студенттерге 23 686 орын жетпей қалды (барлық контингентті, оның ішінде ақылы негізде студенттерді есепке алғанда).
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript