Қазақстандық оқушылар информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында төрт медаль ұтып алды

Информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2023 09:00 Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
8-14 қыркүйек аралығында қазақстандық құрама Грузияда өткен EJOI-2023 информатикадан еуропалық жасөспірімдер олимпиадасына қатысып, 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің 24 елінен 96 қатысушы өзара бәсеке қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы төрт медаль жеңіп алды, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Қызылорда қаласындағы С. Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған "Білім-Инновация" облыстық лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Мансұр Мамадахунов алтын медаль ұтып алса, Тараз қаласындағы "Білім-Инновация" дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Серікбай Сұңғат пен Семей қаласындағы "Білім-Инновация" дарынды ұлдарға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Аменов Әлен күміс медаль алды, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Алдамжаров Әлішер қола жүлдегер атанды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: