Жаңалықтар тізбегі
0

Қыздар университетінің жас ғалымы көкөністің өнімділігін арттыратын препарат ойлап тапты

Қыздар университетінің жас ғалымы көкөністің өнімділігін арттыратын препарат ойлап тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2023 16:10 Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға ғылыми қызметкері Ақбота Қуандықова көкөністен мол өнім алуға мүмкіндік беретін жаңа препаратты синтездеп алды. Жас ғалымның жаңалығы ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтынан патентке ие болды.

Препарат жаңа фосфор органикалық қосылыстары негізінде алынған. Ақбота Қуандықованың айтуынша, ол картоп, сәбіз, пияз, қызанақ секілді көкөністердің өнімділігін арттырады. Синтездеу жұмысын жас ғалым микротолқынды сәулелерді пайдалана отырып жүргізген. 

Препарат далалық және зертханалық жағдайда сынақтан өтті.

"Жас ғалым препаратты ойлап таппас бұрын біраз уақыт тынымсыз зерттеу жүргізген. Химия ғылымдарының докторы, профессор Булат Джиембаев жетекшілігі мен өзінің табандылығы арқасында осындай жетістікке жетіп отыр. Ақбота Қуандықоваға бұл жаңалықты ашуға әріптесі, оқытушы Бану Диярова синтез барысында қатысып, көмектескен", - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: