Қазақтың "дүние - жалған" деген пәлсапалық тұжырымын британ ғалымы ғылыми тұрғыда дәлелдеді
2022 жылы Вопсон ағзалардағы генетикалық мутацияларды болжауға, сондай-ақ олардың ықтимал салдарын бағалауға мүмкіндік беретін ережені ұсынды. Бұл ереже термодинамиканың екінші заңына негізделген. Ол оқшауланған жүйедегі хаос өлшемі болып табылатын энтропия уақыт өте келе тек жоғарылауы немесе өзгеріссіз қалуы мүмкін екенін нақтылайды. Алайда ақпараттық жүйелерде энтропия, керісінше әрекет етеді. Ол кішірейеді немесе тұрақты болып қалады. Бұл доктор Вопсонның инфодинамиканың екінші заңы өлшеміне алып келеді.
"Қажетсіз ақпарат өздігінен жойылатын бұл тәсіл сақтау орнынын үнемдеп, қуатты тұтынуды оңтайландыру үшін қажетсіз кодты жою немесе сығу сынды компьютерлік процесті еске салады. Осылайша бұл "біз модельдеу әлемінде өмір сүріп жатырмыз" деген идеяны нақтылайды".Мелвин Вопсон
Доктор Вопсонның алдыңғы зерттеулері ақпараттың әлемнің негізгі құрылыс материалы және физикалық массасы бар екенін көрсетеді. Ғалымның пікірінше, ақпарат ғаламның үштен бір бөлігін құрайтын қолжетпес қараңғы материя болуы мүмкін. Физик бұл қатынасты массаның, энергияның және ақпараттың эквиваленттік принципі деп атады.