Қазақстанның бірнеше оқушысы астрономиядан халықаралық олимпиада жеңімпаз атанды
Сурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық оқушылар астрономиядан екінші ашық халықаралық "OWAO" олимпиадасына қатысып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, астрономиядан екінші ашық халықаралық олимпиадада Дамир Әленов есімді оқушы алтын жүлдеге ие болды.
Ал Ахмаджон Табаров, Бекасыл Елубай, Уәлихан Қылышбек және Заңғар Сүннатовтер күміс медальға ие болды.
"Қазақстан құрамасы олимпиадада дайындығының, білімі мен шеберлігінің жоғары деңгейін көрсете білді", – делінген хабарламада.
"OWAO" ең жас олимпиада болып саналады. Ол әлем бойынша үздік астрономиялық дәстүрлер мен пән мамандарын біріктіреді. Биыл олимпиадаға 14 елдің өкілдері қатысты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript