Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда кітапханалардың бірыңғай цифрлық платформасы пилот режимінде іске қосылмақ

Қазақстанда кітапханалардың бірыңғай цифрлық платформасы пилот режимінде іске қосылмақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2024 19:44 Сурет: pixabay
ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте электрондық кітапхана жүйесінің дамуы талқыланды.

Бүгінде елімізде 11 мыңнан аса кітапхана түрлі ақпараттық жүйе мен каталогты қолданып келеді. Еліміздегі кітап қорын жүйелеу үшін бірыңғай автоматтандырылған платформа жасақтау жұмысы басталды. Мамандардың сөзінше, оның арқасында оқырман қажет кітапты немесе оның электронды нұсқасын оңай таба алады. Жүйені енгізу аясында барлық кітапханаға кіру мүмкіндігі қарастырылған бірыңғай электронды оқырман билеті әзірленеді. Қолданушылар электронды үкімет порталы арқылы тіркеліп, билетке қол жеткізбек.

Платформада кітап қорын онлайн толықтыру функциясы қарастырылған. Оны жеке баспалар да пайдалана алады: жарық көрген жаңа туындылар жүйеге енгізіліп, ақылы жазылушыларға қолжетімді болмақ. Осылайша жеке баспалар мен авторлардың мүдделерін қорғау жоспарланған.

"Біз елдегі баспалар өкілдерімен кездесіп, кітаптарды жариялау тәртібін түсіндірдік. Олар ұсынылған шарттарға келісім берді", — деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев.

Платформаны пилоттық режимде 2024 жылы іске қосу жоспарланған. Бастапқыда ол ірі кітапханалар базасында жұмыс істей бастайды.

"Цифрлық платформа еліміздегі барлық кітап қоры азаматтарға қолжетімді болуы үшін әзірленіп отыр. Сондықтан ең алдымен электронды нұсқаға 10 ірі кітапхана өтеді. Ал қалғандары сәйкестендіру жұмыстарын қолға алуы керек. Кітап қоры толықтай сәйкес келген жағдайда кітапханалар оқырманға арналған іздеу бағдарламасын бейімдеуі тиіс", — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: