Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы колледж студенттерінің 70%-ы тегін оқиды

үкімет, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2024 16:21 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде елімізде 741 колледжде 525 мың студент білім алып жатыр. Олардың 70%-ға жуығы тегін оқиды.

Салалық ведомство оқу орындарының жұмысына сараптама жүргізіп, орналасқан жері мен өңірдің еңбек нарығы сұранысына сай мамандандыру шараларын қолға алмақ.

"Сараптама бірнеше техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында бірдей мамандықтар оқытылатынын көрсеткен. Ең көбі Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында. Техникалық және кәсіптік білім беру бағытындағы сапаны бақылау аясында контингенті төмен колледждердің лицензиясын қайтару жұмысы қолға алынды. Былтыр 161 оқу орнының лицензиясы алынды", - деді Наталья Жұмаділдаева.

Тамара Дүйсенова аталған шаралардың маңыздылығын атап өтіп, туындауы мүмкін мәселелерді бағамдап, алдын ала әрекет ету керектігіне баса мән берді.

"Қазіргі уақытта жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары. Бұл үрдіс келешекте де сақталады. Сондықтан қажеттілікке сай кадр әзірлеу маңызды. Колледждерді мамандандыру аясында ұстаздарды қайта даярлау, материалдық-техникалық базамен жабдықтау қажеттігі туындайды. Осы мәселелерді ескеру және маман даярлауда жергілікті жұмыс берушілерді мейілінше жұмылдыру қажет", - деді вице-премьер.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: