Жаңалықтар тізбегі
0

Айжан Есмағамбетова: Қызылша қазірдің өзінде Қазақстанның барлық аймағын қамтыды

Айжан Есмағамбетова: Қызылша қазірдің өзінде Қазақстанның барлық аймағын қамтыды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2023 14:57 Сурет: pixabay
4 қарашада вице-премьер Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі жағдай туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова баяндады. Оның айтуынша, А гепатиті мен қызылша инфекциясының көбеюі алаңдатып отыр. Көбіне жағдай тиісті вакцина алмаған адамдарда кездеседі. Мысалы, қызылша дерті еліміздің барлық аймағын қамтып үлгерді. Ауруды ең көп жұқтырғандар Шымкент пен Алматыда.

"Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау шараларына дайын болуы керек", - деді Есмағамбетова.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мұның себебі халықтың аурудың қаупі туралы хабардарлығының төмендігі болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Егер адамдар екпеден бас тартса, бұл ақпараттандыру жұмысының нашар жүргізілгенін білдіреді. Адам өзіне жау емес. Қауіптің барын білсе, өзін қорғау шараларын жасайды. Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті органдармен бірлесіп, әкімдіктер де бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі керек", - деді Дүйсенова.

Сонымен қатар жиында медицина мекемелерін тексерудің қорытындысы да айтылды. Бірқатар денсаулық сақтау мекемелерінде ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу талабы сақталмайтыны анықталды. Кей жағдайларда дезинфекция және зарарсыздандыру режимі бұзылса, басқаларында жеке қорғаныс құралдары жеткіліксіз.

"Денсаулық сақтау мекемелері уақытылы қаржыландырылады. Неліктен, мысалы, жеке қорғану құралдары жеткіліксіз? Мақсат құқықбұзушылық үшін жазалау да емес. Біздің міндетіміз - мәселелерді шешу жолдарын іздеу. Бірақ сіздер бізді шара қабылдауға мәжбүрлеп отырсыздар", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Сонымен қатар ол мәселе шешілмесе, жекелеген денсаулық сақтау нысандарының қызметін тоқтату мүмкіндігін қарастыру қажет екенін ескертті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: