Алматы хайуанаттар бағы зебралар туралы қызық мәлімет бөлісті

Алматы хайуанаттар бағы зебралар туралы қызық мәлімет бөлісті, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2024 21:58 Сурет: unsplash
31 қаңтар – әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық зебралар күні аталып өтеді.

Қазір жабайы табиғатта зебралардың саны азайып барады. Бұл экологиялық арнаулы күн ала сызықты жануар – зебраларды қорғауға арналған. Алматы хайуанаттар бағы зообақтағы зебралар туралы қызық мағлұмат айтты.

"Біздің зообақта зебраның екі түрі бар: Чапман және и Гранта зебрасы. Гранта зебрасының сызықтары қанық және Чапман зебрасындағы сызықтардан жіңішкелеу", - делінген зообақ хабарламасында.

"Өкінішке қарай, қыс мезгілінде зообағымыздағы зебраларды даладағы қошаудан көре алмайсыздар. Бірақ көктемнен бастап оларды арнайы жасалған кең вольерге шығарамыз", - деп қосты бақ әкімшілігі.

Сонымен қатар зообақ мамандары әр зебраның жолағы бір-біріне ұқсамайтын ерекше болатынын айтты.

"Ал сіздер адамдардың саусақтарындағы таңба сызықтары әртүрлі болатыны сияқты, әр зебрада өзіне ғана тән, бір-бірін қайталамайтын бояуы мен сызықтары болатынын білесіз бе?"Алматы хайуанаттар бағы
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: