Ғалымдар қандай әйелдерде сүт безі обырының даму қаупі 2,7 есе жоғары екенін анықтады

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2025 10:25 Фото: Zakon.kz
20 жастан кейін артық салмақ қосқан және алғашқы баласын 30 жастан кейін босанған әйелдер сүт безі обырына 2,7 есе жиі шалдығады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл тұжырымды Манчестер университетінің британдық ғалымдары жасаған. Олар зерттеу нәтижесін 2025 жылғы Еуропалық семіздік конгресінде (ECO 2025) ұсынды.

Зерттеу PROCAS жобасы аясында жүргізілді және 50 мыңға жуық әйелді қамтыды. Орташа бақылау мерзімі 6,4 жыл болды, осы уақыт ішінде сүт безі обыры 1702 қатысушыда анықталды.

Аты жаман ауру көбіне екі фактор бірдей кездесетін әйелдерде тіркелген. Яғни, есейе келе салмақ жинаған әрі жүктілік болмаған немесе кешірек ана атанған нәзік жандылардың ауруға шалдығуы өзге санаттарға қарағанда үш есе жоғары.

Бұған дейін, наурыз айының басында, министр Саясат Нұрбектің мәліметіне сүйене отырып, Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы дәрі жақын арада нарыққа шығуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: